#qyzylordatv

Конституциялық реформаларды іске асыру жұмысы жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграмдағы парақшасында жазды.

Парламентте қаралған заң жобалары мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының прогрессивті жүйелік моделін қалыптастыруға, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етпек. Биылғы наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Ата заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың мәртебесі, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңдармен айқындалады,-деп жазды Ерлан Қарин.