#qyzylordatv

Сыр өңірінде қазақ футболының аңызы, КСРО Спорт шебері Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.

 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Биыл он жетінші рет ұйымдастырылған турнирге 10 команда қатысуда. Тимур Сегізбаев - қазақ футболының дамуына зор үлес қосқан белгілі спортшы әрі бапкер. Турнирдің ашылу рәсімінде қала әкімі Нұржан Ахатов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

НҰРЖАН АХАТОВ, ҚАЛА ӘКІМІ

Бүгін Өздеріңізбен бұқаралық спортты, соның ішінде жанкүйері көп футболды дамыту мақсатында Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған 2013 - 2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің алауын жаққалы тұрмыз. Атаулы турнир биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылуда. Қазақстандық футболдың аңызына айналған Тимур Сегізбаев 12 мамыр күні 85 жасқа толды. Бұл күнге жетпесе де рухын көтерген сырбойылықтар даңқты доп шеберін ұмытпайды.

 БОЛАТ КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Кезекті Тимур Санжарұлы Сегізбаевға арналған турнирді бастайын деп жатырмыз.Енді дүниежүзінің даңқы Марадонна босла біздің Қазақстанның даңқы Тимур Сегізбаев, Қызылорда облысының даңқы Әбіл Қалымбетов сол сияқты сіздерде келешек осындай Тимур Сегізбаев сияқты сондай келешегі мол азаматардан деп сіздерден сондай күтеміз. Қазіргі осы Сегізбаев 70 жылы біз мына қазіргі Қайсар ол кездегі автобөлшек ең бірінші профессионалды тренер болып 17-18 орында жүрген біздің команда да алтыншы көтеріп мына СССР екінші лигасында өтуіне себепші болған кісі.

Жарысқа қатысушы жас футболшылар турнирден үлкен үміт күтеді. Олардың айтуынша, мұндай бәсекелер тәжірибе жинап, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік береді.

 АҚЖҮРЕК ЖАРҚЫНБЕК, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Мен Қайсар клубында ойнаймын. Қайсарда ойнап келе жатқаныма 3 жыл болды және де бүгін Тимур ағамыздың жарысына келіп отырмыз және де турнирдің жақсы өтетініне үміттенемін. Ұтамыз деген ойдамыз, бәріне сәттілік. Осы уақытқа дейін Қазақстан чемпионатына қатыстық тағы да осы Ақтау, Алматы деген сияқты қалаларға баратын боламыз

Турнир бірнеше күнге жалғасады. Үздік атанған командаларға арнайы сыйлықтар мен диплом табысталмақ.