#qyzylordatv

Сыр өңірінде отбасылық құндылықтарды ұлықтап, берекелі әулеттерді үлгі ететін дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Шаңырақты шаттыққа бөлеп, бірлік пен татулықты насихаттайтын додаға өтінім беру мерзімі мамырдың 15-і мен маусымның 15-і аралығына жоспарланған.

 Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде отбасылар аудандық және қалалық деңгейдегі іріктеуден өтеді. Үздік деп танылған отбасылар екінші кезеңде облыстық деңгейде бақ сынайтын болады. Өтінімдерді қабылдау жергілікті қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы комиссиялар арқылы жүргізіледі. Биыл жоба жеңімпаздарын әділ анықтау мақсатында комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері де енгізілмек. Жалпы, «Мерейлі отбасы» жобасы 2014 жылдан бері отбасы институтын нығайтуға үлес қосып келе жатқан ауқымды жоба. Жыл сайын мыңдаған шаңырақтың басын қосатын бұл дода биыл да ең өнегелі, еңбекқор және көпбалалы отбасыларды анықтамақ.

 РУСЛАН КАЮПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Биыл 13 рет ұйымдастырылып жатыр. Бұған дейін осы жылдар аралығында Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауына деген облыс отбасыларынан сұраныс өте жақсы. Оған бір ғана дәлел осы уақытға дейін 3 мыңға жуық отбасы өтінім білдірген. Оның ішінде былтырғы бір жылдың ішінде 231 отбасынан өтінім түскен болатын. Негізгі бұл жерде басты талабы ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесін насихаттау, дамыту мақсатында. Негізгі критерийлерде сол. Бұл жерде жас шамасына шектеу жоқ. Арнайы құрылған комиссия құжаттарды қарап, облыстық кезеңнің жеңімпаздарын анықтаймыз. Және облыстық кезеңде жеңімпаз болып табылған отбасылар республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына жолдама алады. Сол жерде бір ерекшелігі 20 өңірден барған барлық мерейлі отбасылар жеңімпаз болып танылады және барлық отбасы «Мерейлі отбасы 2026 да» бағалы сыйлықтармен марапатталып қайтады.