#qyzylordatv
Сыр жұртшылығы әнші, музыкант Батырхан Шөкеновті еске алды. Ол ғұмыры қысқа болса да, мәңгілік әндер қалдырған өнерпаз. Өнер иесінің құрметіне өткен музыкалық кеште кезінде Батыр салған сазды әуендер шырқалды.
Жарық дүниеге ән болып келіп, ән болып кеткен Батырхан Шөкеновтің есімі мәңгілік ел есінде. Ол музыканы шексіз сүйді. Оның репертуары риясыз махаббатқа, лирикалық шығармаларға өте бай. Сондықтан музыкалық кеш тыңдарманды ерекше әсерге бөлеп, тебірентті.
ӘБДІХАЛЫҚ МҰСТАФА, «СЫР САМАЛЫ» ВОКАЛДЫ- АСПАПТЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСі
Бізде 11-ші рет қойылғалы жатыр. Батырхан Шукенов ағамыз өмірден озғаннан кейін ол кісінің туған күнін атап өту мақсатында сол кісінің репертуарындағы әндер А-студионың репертуарындағы әндерден жылда осылай концерт қоямыз. Ол кісінің жүріп өткен жолы біз үшін үлкен мектеп, жалғасын таба береді деген ойдамын.
Кеш барысында «Твои шаги», «Солдат любви», «Джулия» сынды халық сүйіп тыңдайтын әндер орындалды. Қала тұрғындары әр әнге қосылып, шабыт алды.
Көпшіліктің ең сүйікті әндерінің бірі - «Джулия». Осы әннің алғашқы аккордтарынан-ақ жұртшылық қосыла шырқады.
Батырхан Шөкеновтің өмірден өткеніне 11 жыл болса да, оның әндері әлі күнге дейін тыңдарман жүрегінен өшкен жоқ.