#qyzylordatv
Интернет алаяқтарды айыра алмау – қоғамдағы үлкен мәселелердің біріне айналып барады. Жауапкершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанымен, мәселе халықтың медиасауаттылығына келіп тіреліп тұр. Яғни ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желі мен интернеттен оқыған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Ал сіз ақпараттың дұрыстығын қалай тексересіз? Оны тексермей бөлісу қауіпті ме? Бұл сауалды біз тұрғындарға қойып көрдік. Ашық микрофон айдарына кезек берелік.