#qyzylordatv
Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Әсіресе маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары.
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдауы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қоғамдық және экономикалық тыныс-тіршіліктің онлайн кеңістікке ойысуы киберқауіпсіздік мәселесін мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Өйткені, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс ешқандай шекараға бағынбайды. Тіпті, экономикалық ынтымақтастықты нығайту қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты. Сондықтан өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия – Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажет, - деді Президент.