#qyzylordatv

Атырау қаласынан келген делегация Сыр өңіріндегі абаттандыру, көгалдандыру және тазалық бағытындағы жұмыстармен танысты. Сапар барысында қонақтар бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап, тәжірибе алмасты.

 Делегация мүшелері алдымен шыны зауытының жұмысымен танысты. Кейін жылу-электр орталығында болып, коммуналдық саладағы жүйелі жұмыстарды көрді. Сондай-ақ қонақтар «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық орталығын, Құзыреттілік, одан соң «Анаға тағзым» орталықтарын аралады.

    Кездесу барысында екі өңірге ортақ климаттық ерекшеліктер ескеріліп, көгалдандыру мен қала тазалығын ұйымдастыру бағытындағы тәжірибелер талқыланды. Мамандар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта да байланысты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

АЙБЕК ҚАДРАЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кекенұлының тапсырмасына сәйкес осы Сыр өңіріне келіп, тазалықтың қарау мақсатында соынмен қатар осындай керемет орталықтарды көріп, осы жұымыстармен танысу мақсатында обмен опыт дейді ғой сонымен алмасуға келіп жатқан делегациямыз. Бізде жоқ нәрсені үйреніп жатырмыз, бізде бар нәрсені ол кісілер сұрап жатыр. Осындай обмен опытов болып отқан жайы бар,жалпы үйренетін нәрселер бар.