#qyzylordatv 

Денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымы толық жаңғыртылуы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, саланы дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Жиында дәрігерлердің мәртебесін арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды күшейтудің маңыздылығы да айтылды.


 Күн-түн демей адам өмірі үшін күресетін жандар. Олар – ел саулығының күзетіндегі ақ халаттылар. 

 

 Медицина саласының дамуы ең алдымен білікті мамандарға байланысты. Әсіресе, ауыл аймақтағы дәрігерлер үшін қолдау маңызды.