#qyzylordatv 

Қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен түсірілген «Qyzyq orta» инста-сериалының жабық премьералық көрсетілімі өтті. Жастар арасындағы өзекті мәселелерді көтерген жаңа жоба енді әлеуметтік желі арқылы көпшілік назарына ұсынылады. 


 10 бөлімнен тұратын инста-сериалда бүгінгі қоғамдағы соның ішінде жастар арасындағы өзекті проблемалар қозғалады. Атап айтсақ, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, әскерден жалтару, қала тазалығы, отбасы құндылығы сияқты маңызды бағыттар көрініс тапқан. Жобаның мақсаты - жастарды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырып, дұрыс бағытта тәрбиелеу. «Qyzyq orta» инста-сериалының жабық премьералық көрсетіліміне қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, шығармашылық топқа алғысын жеткізді. Түсірімге қатысқан барлық қыз-жігіттерuе қала әкімінің алғыс хатын табыстады. 


МЕДЕТ ЖОРАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Бұл сериалдың негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясатында болып жатқан оң өзгерістерді, жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерді кеңінен насихаттау болып табылады. Инста сериалда дебюдтік жоба ретінде қызылордалық жастар қамтылды. Жобаны дайындау үшін үш айға жуық уақыт кетті 



 ДИАС ЗЕЙНУЛЛА, АКТЕР 

Жастарға ой салатын кино. Қазіргі жастарымыз өкінішке орай жұмыссыз, әскерден қашып жүрген жастар көп....


«Qyzyq orta» инста-сериалының жабық көрсетілімі өтті