#qyzylordatv
Қармақшылық диқандар биыл жүгері өсіріп жатыр. Облыс әкімі осы өңірге барып, шаруалардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Әңгіме барысында ілкімді іс те, іркіліс те айтылды. Мұрат Ергешбаев ауданның жағдайын бағамдаған соң алқалы жиынға қатысты. Су үнемдеу технологияларын енгізу, газдандыру деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Қармақшылықтардың бұл бағытта қандай жоспары бар? Тілшіміз айтсын.
Аймақ басшысы алдымен шаруалармен кездесті. Оларды алаңдатып отырған басты мәселе – суармалы судың қаражаты. Яғни бұған дейін ала жаздай пайдаланылған судың ақшасын шаруалар жыл соңында бір-ақ төлейтін. Енді айма-ай есептесіп тұруы тиіс. Төлемді кешіктірсе, үстемақы қосылады. Облыс әкімі бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Ал, тіршілік нәрін тиімді пайдалану үшін каналдарды бетондау керектігін қаперге салды. Сондай-ақ суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісіне басымдық беру маңызды.
ШЫҢҒЫС СЫДЫҚОВ - АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
600 гектар су тамшылату жоспарланған. Қазіргі таңда осы жоспарға сәйкес келе жатырқ. Оның ішінде алма бағымыз бар, бақша өнімдері бар, қалғаны жоңышқа. Мал азығын дайындауға жаңбырлатып суару. Ендігі жылы осы жоспарды алдыға қарай игереміз деп отырқ. Оданда асырып.
Аудан бойынша 33 каналымыз бар. Битондау жұмыстарын жүргізуге. Оның 9-ына қазіргі таңда жұмыс жүруде.
Жалпы аудандағы ауылшаруашылық құрылымдары биыл 25 мың гектардан астам жерге егін еккен. Оның ішінде диқандар дәстүрлі дақылдардан бөлек, жүгері өсіруге бет бұрған. Бүгінге дейін 700 гектардан астам алқапқа осы дақыл түрін орналастырған. “Жүгері жерді аздырады” деген бұрыңғы қасаң қағида жоқ. Керісінше, топырақты табиғи жолмен тыңайтудың тиімді жолы осы, дейді облыс әкімі.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Ең жақсы бағыт сол күрішімізді қалдырмауымыз керек. Ол болуы міндетті. Себебі, экологиямыз бар. Екінші жүгері, үшінші жоңышқаға егу маңызды. Сатурасы бар, соясы бар оған әлі қолымыз үйренген жоқ. Бірақ оғанда да жәй-жәй ауысуымыз керек деп ойлаймын негізі.