#qyzylordatv

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Шөмішбай Сариев пен ән өнерінің саңлағы, көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған облыстық филармонияның 53-ші концерттік маусымының жабылу гала концерті өтті. Кеште қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылар көрерменге ұсынылды.

 Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүйсекеев – елге деген алғаусыз ниеті, дара дарыны арқылы қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқан Сыр перзенттері. Кеште қазақ ән өнері мен поэзиясында қолтаңбасын қалдырған ақын мен сазгердің шығармашылығы бір сахнада тоғысты. Ел жүрегінен орын алған, сөзі мен сазы үйлескен музыка бұл жолы да көрерменге ерекше әсер қалдырды. Концерттің режиссері – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Іздіқұл.

 ӘЗИЗА ІЗДІҚҰЛ – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ

 Бұл концертті біз өзіміздің жерлестеріміз, қазақ өнерінде ойып тұрып орын алған алыптарымыз Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүсекеевтің шығармашылығына 80 жылдығына арнап отырмыз.Ол екі кісінің тандемімен кермете туындылар туындаған болатын.Халықпен бітіе қайнасып кеткен шығармалар. Соның барлығын кәсіби деңгейде облыстық симфония оркестрі және Сыр самалы воквльды аспапты ансамблінің біріккен сүйемелдеймдеуін, эст сим оркестр сүйлемелдеуінде халыққа тарту еттік.

 Өткен ғасырдың 70 жылдары негізі қаланған облыстық филармония жарты ғасырдан астам уақыт бойы аймақтың мәдени-рухани дамуына үлес қосып келеді. Өнер ұжымы үшін бұл маусым да ізденіске толы, табысты өтті деуге болады. Жыл бойы филармония өнерпаздары еліміздің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп, түрлі республикалық, халықаралық жобаларға қатысты. Бірнеше Еуропа елдеріне шығармашылық сапар жасап, ұлттық өнеріміз насихатталды.

 ИНДИРА БАИМБЕТОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘРТІСІ Биылғы маусым Қызылорда облыстық филармониясы үшін өте керемет, әдемә, нәтижелі маусым болды. Өзге де ұжымдар және эстрада ұжымы шетелдерге гастрольдік сапармен бардық.Өзім Франиция елінде өнер көрестіп келдік. Париж қаласында.Люксембургта өнер көрсеттік. Бүгінгі кеш Шөмішбай ағамыз бен Кеңес ағамызға арналған.Екеуінің 80 жас мерейтойына байланысты.Менің орындауымда Сен мұңыңды бер маған әні, Өмір өлең әні. Халқы өте жылы қабылдады.

Осылайша поэзия мен саз үйлесім тапқан бұл кеш көрермен көңілін ерекше күйге бөлеп, ұлттық өнердің құндылығын тағы бір мәрте айшықтады.