#qyzylordatv

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқықбұзушылықтар мен әдеп кодексі нормаларының сақталуын қадағалайтын әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында бірқатар мекемелердің осы бағыттағы жұмыстары сараланып, тиісті ұсынымдар енгізілді.

 Жан жақты қадағалауға қарамастан мемқызметшілердің артық жұмыс жасау фактілері әлі де орын алып отыр. Бұл мемлекетік органдардың жұмысына жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Талдау нәтижелері көрсеткендей үстіміздегі жылдың 6 айында жұмыс уақыты режимін бұзудың 18 дерегі анықталып, нәтижесімен 34 сағат демалыс сағаты берілді. Қашықтықтан бақылауға 36 мемлекеттік орган қамтылып, 151 бұзушылық анықталды. 2 лауазымды тұлғаға ескерту шарасы көрілді. Ал тек қана маусым айының өзінде:

 «Әкім бол-халқыңа жақын бол» деген тәмсілді кейбір әкімдер жете түсінбейтін секілді. Мәселен, Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі қызмет барысында эмоционалдық ұстамдылық танытпай, ауыл тұрғынымен конфликтіге келіп, әлеуметтік желіні шулатқан. Қызметтік әдепті сақтамай, мемлекттік қызметші имиджіне нұқсан келтірген ауыл әкіміне кеңес мүшелері сөгіс түріндегі тәртіптік шара көруге ұсыныс берді.

 Ал, Шиелі кентінің әкімі жеке кәсіпкерлерге артықшылық көрсетіп, жеңіл жаза бергені үшін кеңес қарауына түсті. Жан-жақты зерделеу мен талдау нәтижесімен әкімнің тәртіптік ісі мерзімі өтуіне байланысты тоқтатылды.

Кеңесте сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыс бойынша медициналық, фармацевтикалық бақылау департаменті басшыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі талаптарын сақтау бағытындағы есептері тыңдалды.