#qyzylordatv 

Кеше Қызылордада қатты желдің салдарынан электр желілері үзіліп, қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды. Талдар құлап, кейбір тұрғын үйлер мен нысандардың шатыры ұшып кетті.  


Дүлей дауыл Тасбөгет кентіндегі екі қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Электр бағанасы құлап, Сәулет, СПМК-70, Арай, Сырдария ықшам ауданы мен Тасбөгет кенті уақытша жарықтан ажыратылды. Табиғаттың тосын мінезінен кейін қираған дүниелерді қайта қалпына келтіру үшін арнайы бригадалар жұмылдырылды. Қала әкімі орынбасарының сөзінше қазір ахуал тұрақты.  


 АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Қазіргі таңда электр желілері толық қалпына келтіріліп, тұрғындарға үздіксіз электр жарығы берілуде. Сонымен қатар, бүлінген аумақтар толық тазартылды. Шатырлар жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті мердігер мекемелер. Ахуал тұрақты, барлық жағдайлар бақылауда