#qyzylordatv 

Елімізде әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату жаңа форматқа көшеді. Яғни, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады. Бұл қадам әскердің беделін арттыруға мүмкіндік береді. Ақмола облысында «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиынын қортындылаған Президент осылай деді. Халықаралық сайыстың нәтижесі қандай, Мемлекет басшысы саланы дамытуға қатысты тағы қандай ұсыныс айтты?