#qyzylordatv
Спорт әлемінен қызықты ақпар. Жедел жәрдем қызметкері Ақдәулет Нұржанұлы Жалағаштан Қызылордаға жаяу жүгіріп шықты. Әуесқой спортшы 85 шақырымды бағындырмақшы.
АҚДӘУЛЕТ НҰРЖАНҰЛЫ – МАРАФОНШЫ
Ассалаумағалейкум, құрметті қызылордалықтар! Достар! Құдай қаласа, Жалағаш ауданынан Қызылорда қаласына дейін 85 км ультрамарафонды бастамақшымын. Мәреде көріскенше.
Диктор кадр сыртында: Ақдәулет Нұржанұлы бүгін таңғы сағат төртте Жалағаштан облыс орталығына жаяу жүгіріп шықты. Бұл оның ұзақ қашықтыққа шыққан алғашқы марафоны. Осыдан бір ай бұрын газдалған сусын мен фастфудсыз өмір сүре алмайтын жігіт өзін-өзі қолға алғалы артық салмақтан арылып, 94 келіден 79-ға түскен. Жалағаш аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің фельдшері болып жұмыс істейтін жас маман енді өз ісімен де көпке үлгі болуда. Себебі таңмен таласа оянып, тұрақты түрде жүгіру тек спорт емес, бұл –тәртіп, табандылық және өз денсаулығына деген жауапкершілік. Осылайша жалағаштық желаяқ өзіне көптің көңілін аударту арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.