#qyzylordatv 

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған 10 мәселе егжей-тегжейлі талқыланып, сессия қарауына ұсынылды. 


 Тұрақты комиссиялардың отырысына дейін депутаттар баяндамалармен танысып шыққан. Сондықтан бірлескен жиын бірден сұрақ-жауаппен басталды. Депутаттар өзі көтерген мәселенің оң шешілуі үшін жағдайды түсіндіріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде, елді мекендерді газдандыру, ауылдық жерде спорттық үйірмелерді ашу, суармалы алқапты тиімді пайдалану сынды мәселелер бар.

Ал, облыстық бюджеттің атқарылуы, оған өзгерістер енгізу сынды мәселелерді талқылау, сондай-ақ облыстық ветеринария, қоғамдық даму, денешынықтыру және спорт басқармалары басшыларының есебін тыңдау сессия отырысына қалдырылды. 

Облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы облыстық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу мәселесі де сессия қарауына жіберілді.


 БАҚЫТЖАН ІДІРІСОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Облыстық комиссияда 11-12 комиссиядан екі адам өз өтініші бойынша шығып кеткен болатын. Соның орнына екі адам комиссиядан ұсынып отырмыз. 11 округтан Пірмахан Ерсұлтан Әбілтайұлы, сайлау жүйесіндегі стажы 4 жыл. Респблика партиясынан ұсынылған. 12 окургқа Бақытжан Жақсылық Сапарғалиұлы үұсынылады. Бұл кісінің сайлау жүесіндегі еңбек стажы 3 жыл. Қазақстан халық партиясынан ұсынылып тұр. Қолдауларыңызды сұраймын.