#qyzylordatv
Қармақшы ауданында профилактикалық іс-шаралардың нәтижесі көріне бастады. Қоғамдық орындарда құқықтық тәртіптің сақталуы жақсарып, криминогендік ахуал тұрақталып келеді. Ал интернет алаяқтық қылмысы біршама төмендеген.
Тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын басты назарда ұстап отыр. Әсіресе, жасөспірімдердің тәртібін қадағалап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жіті мән беруде. Ол үшін полицейлер аудандағы мектептермен және ата-аналармен бірігіп, тұрақты түрде рейд ұйымдастырып келеді. Түсіндірме және құқықтық тәрбие жұмыстары да шираған. Дегенмен, мәселе де жоқ емес. Жыл басынан бері ауданда отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы қылмыстар өсім алған. Осы орайда Қармақшы аудандық полиция бөлімі жанынан арнайы топ құрылып, профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
ОСПАН ЕШЖАНОВ – АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Есепті мерзімде қоғамдық орындар жасалған қылмыстар 4-те 7-ге, көшеде жасалған қылмыстар 1-ден 5-ке, топталып жасалған қылмыстар 3-тен 6-ға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 1-ден 2-ге, отбасы тұрмыстық саласындағы қылмыстар 3-тен 4-ке өсім алуына жол берілу себебі бөлім қызметкерлерінің өз ынталарымен анықталған қылмыстардың әсері болып отыр...