#qyzylordatv
Конституциялық Соттың түсіндірмесі таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған бірқатар рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап туралы пікір білдірді.
Конституциялық Соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады. Конституциялық нормалардың аталған түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек тиісті тұлғаның сайлауына немесе тағайындалуына құқықтық мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы Бас Прокурорды тағайындады.