#qyzylordatv
Кітап оқып, миллион теңге ұтып алуға болады. Аймағымызда республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталмақ. Осыған байланысты бүгін облыс әкімдігінде меморандумға қол қойылды.
Алты айға созылатын жоба аясында қатысушылар арнайы тізімге енген 15 кітапты оқып, білімін тест арқылы дәлелдейді. Үздіктерге ақшалай сыйлықтар табысталады. Марафонның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқуға деген қызығушылықты арттыру. Жоба аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Классикалық және бизнес әдебиеттерді насихаттау үшін мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және технологиялық серіктестер бірлесіп жұмыс істейді. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет бұл бастама өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ететін маңызды жоба екенін атап өтті. Жақын уақытта жобалық кеңсе ашылып, қатысушыларды тіркеуге арналған цифрлық платформа іске қосылады.
БАҚЫТЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Марафон 7 бағыт бойынша жүреді. Кітап оқу марафоны оқушылардың бәрі, студенттердің бәрі оқуға түскен кезде, жазғы демалыс біткен кезде қыркүйектің 1 нен бастау алады. Әр бағытқа 15 кітаптан бекітілген 15 кітап қазақша,15 кітап орысша. Мәселен бірінші этапта бұл тест болады,тестте 40 сұрақ 15 кітаптан жасалынады .Ал егер кітап санына келетініне болсақ, қайдан табамыз бекітілген кітаптарды ол жерде бізде қазір серіктесіміз бар Яндекс кітаптар деген ол серіктестіріміз бізге тегін. Қаржылай сыйлықтар болады. Атырау университетінен 3 грант береміз деп отырмыз. Бұл өз жас деңгейімізде кітап оқытуымыз керек.