#qyzylordatv 

«Ел іші – өнер кеніші» қалалық өнер байқауы жалғасуда. Бұл жолы Ақсуат ауылдық округінің өнерпаздары қызылордалықтарға концерттік бағдарламасын ұсынды. 


 Әжелер салған ән қандай! Кимешек киген мына әжелер «Ақбота» вокалдық ансамблінің мүшелері. Олардың басым бөлігі кәсіби әнші болмаса да, өмірін әнмен өрнектеп жүрген жандар. Оларды ұлттық ән өнеріне деген сүйіспеншілік біріктірген. Әжелер әуелетіп ән салғанда еріксіз шабыт аласың. Ал ауылдың жас өнерпаздары заманауи би билеп,көрерменге көңіл-күй сыйлады.


КҮЛӘШ СЫРЫМОВА – «АҚБОТА» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ 10 әжеміз. Осы ашылғанына 10-15 жылдай болды. Осыған қатысып жүрміз. 00:38 Байқауларға қатысып талай жүлделер алғанбыз. Мен мектепте жұмыс істедім негізі. Бірақ осы өнерге жақынмын, көбінесе осы ән айтамын қазақ әндерін.


НҰРБОЛАТ БАҚЫТҰЛЫ – АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Сырдария өзенінің өн бойына қоныс тепкен Ақсуат ауылдық округі Жақыпбек Махамбетов ауылы қалаға қарасты ең үлкен елді-мекендердің бірі. Қаламен бірге біте қайнасып дамып келе жатқан құтты қоныс. Жыл өткен сайын іргесі дамып келе жатқан Махамбетов ауылының халқы бірлікпен ынтымақта өмір сүруде.


 Концерт барысында ең кішкентай өнерпаздардың өнері де тәнті етті. Балалардың шынайылығы мен сахнадағы еркіндігі әр нөмірге ерекше әсер сыйлады. Кеште халық әндері шырқалып, ұлттық билер орындалды, домбырашылар күй тартып, жас жыршылар өнер көрсетті. Осындай өнер ұжымдары ауыл мәдениетінің ажарын айшықтап, ұлттық өнердің сабақтастығын жалғастырып келеді.