#qyzylordatv
Өңірімізде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Басты мақсат – әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Бұл қағидаттар еліміздің жаңартылған Конституциясында нақты көрініс тапқан.
«Конституциядағы өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін халыққа барынша жақындатып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға жол ашады,» - дейді нейрохирург Шынжырбай Оразмаханұлы. Білікті дәрігердің айтуынша, бұрын тек орталықта немесе шетелде істелетін бірқатар күрделі нейрохирургиялық операциялар бүгінде Қызылордадағы көпбейінді облыстық ауруханасында жасалып жатыр.
ШЫНЖЫРБАЙ ОРАЗМАХАНҰЛЫ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРI
ҚР конституциясының 29 бабына сәйкес әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға құқығы бар және заңда бекітілген медициналық көмекті алуға әр азамат еліміздің құқылы. Қазіргі жаңа конституция бойынша бұрын бізде тегін медициналық көмек деген сөзімізді ақысыз көмек дегенге өзгертілді. Оны алып қарасақ, жедел түрде түсетін науқастар бар мысалға бас,ми жарақаттары, омыртқа жарақаттары солардың жаңа технологияларды енгізу саласында әрбір азамат кепілдендірілген ақысыз көмек ала алады.