#qyzylordatv 

Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақмарал» би студиясы Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен «Khazar Folk – 2026» халықаралық би байқауында бірден 5 Гран-при мен бірінші орынды жеңіп алды. 


 28 маусым мен 2 шілде аралығында болған халықаралық сайыста Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Украина, Литва, Молдова және Әзербайжаннан үш мыңнан астам өнерпаз бақ сынады. Осы байқауда өнер көрсеткен жерлестеріміз ұлттық нақыштағы қазақ биін және заманауи би түрлерін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасын алды. «Ақмарал» би студиясының жетекшісі Ақмарал Қойшығұлованың айтуынша, ұжым бұл байқауға бір жыл бойы тыңғылықты дайындалған. Қазақ биінің сұлулығы мен ұлттық өнерімізді әлемге таныту біз үшін зор мақтаныш, дейді ол.


АҚМАРАЛ ҚОЙШЫҒҰЛОВА - «АҚМАРАЛ» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 

 Бұл байқау Баку қаласындағы Гейдар Әлиев атындағы үлкен мәдениет сарайында өтті. Керемет ұйымдастырылған. Атырауға дейін пойызбен, әрі қарай ұшақпен жетіп, ұзақ жол жүріп, нәтижесінде кішкентай балапандарым үлкен жетістікке жетті. Біз бұл байқауға бір жыл бойы үздіксіз дайындалдық. Әсіресе, соңғы екі айда күніне екі рет, 3-4 сағаттан дайындалдық. Нәтижесі, міне.