#qyzylordatv #тазақазақстан
Аралдықтар «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Тұрғындар өздерінің ауласын, көшесін сыпырып, игі іске белсене атсалысты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аясында шет аймақтар да назардан тыс қалған жоқ.
Тазалық шарасына ардагерлерден бастап мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының мамандары мен еріктілер қатысты. Қолына күрек, тырмасын ұстаған табиғат жанашырлары орталық көшелерден бастап қаланың шет аумағына дейін түгел тазалады. Бір күнде 2500 тонна қоқыс жиналып, арнайы техникалардың көмегімен полигонға жеткізілді. Акцияға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев пен аудан прокуроры Дарын Әбіш қатысып, туған жердің тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ игі істің басы қасында жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Айта кету керек, Аралда мұнан бөлек сор басқан көлдерді көму, тозығы жеткен ойын алаңдарын жаңарту, скверлер мен аллеяларды абаттандыру, әктеу, сырлау жұмыстары күн сайын жүргізілуде.
РИНАТ ЖАНАЕВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бізде қазір сорлы көлдердің бәрін жабу жұмыстары жүргізілуде, оны жол картасы бойынша кезең кезеңімен жалғастырамыз.....
ДАРЫН ӘБІШ, АУДАН ПРОКУРОРЫ
Тазалық жинаған жерде емес ластамаған жерде болатыны анық. Осының аясында аудандық прокуратурамен қоршаған ортаны ластамау, шашпау жөнінде біріншім кезекте түсіндірме жұмыстары жүргізілуде....