#qyzylordatv
Су тапшылығы жағдайында Сырда не егуге болады? «Күрішті азайтып, суды аз қажет ететін дақылдарға бетбұрыс жасау – бір күндік шаруа емес. Бұл үлкен қаржы мен зерттеуді қажет етеді,» -дейді мамандар. Осы мәселеге байланысты жергілікті ғалымдар тәжірибе алаңында бас қосып, суды көп қажет етпейтін арпа, бидай секілді мал азықтық дақылдардың жаңа сұрыптары туралы пайымдарымен бөлісті.
Сырдария өзеніндегі су деңгейі жылдан жылға төмендеп келе жатқаны белгілі. Сол себепті де шаруалар суды аз қажет ететін әртараптандыру бағытындағы дақылдарға бейімделуге мәжбүр. Осы орайда Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми -зерттеу институтының ғалымдары аймақтың климатына төзімді, топырағына бейімделген арпа мен бидай, сондай-ақ қант құмайы, судан шөбі, түйежоңышқаға бетбұрыс жасау тиімді деп отыр.
ЛАУРА ТОХЕТОВА - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Біз күріштен бас тарт демейміз. Тек оны азайтып, басымдықты суды аз қажет ететін дақылдарға беру қажет. Мысалы, арпа мал азықтық бағытында өте пайдалы. Екіншіден арпаның қабықшасыз түрін шығарып жатырмыз. «Қоңыр» деп аталады.
Институттың тәжірибе алаңында арпа мен бидайдың бірнеше сорты жайқалып өсіп тұр. Бір ерекшелігі бұл дақылдар күріш сияқты суда тұрмайды. Ерте көктемде егіліп, жердің ылғалымен піседі. Жалпы табиғи селекциялық жолмен арпа мен бидайдың бір түрін шығару үшін шамамен 15 жылдай уақыт керек екен. Аймақтың топырақ-климаты мен агроэкологиялық жағдайын ескере отырып жүргізілген селекциялық жұмыс нәтижесінде ғалымдар жаздық арпаның «Сыр аруы», «Іңкәр» атты сұрыптарын ұсынып отыр.
ЖАНҰЗАҚ БАЙМАНОВ – Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл семинардың негізгі мақсаты- егін шаруашылығын әртараптандыру. Суару технологимясының маңыздылығы. Судан шөбі туралы айтады, арпа-мал азықтық дақыл. Алдағы уақытта биыл арпа дақылын екі өнімін алу бағытында зерттейтін боламыз. Магар сорты, маш, дәнді құмай көрсетіп жатырмыз.
ӘСЕТ ТОҚТАМЫСОВ - Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Судан шөбі мен түйежоңышқа туралы айтады. Зерттеп жатырмыз. Судан шөбі облыс үшін жаңа дақыл емес. Малға, ірі қараға өте құнарлы жем шөп. Сондықтан себу нормасын, технологиясын қалай себу керек...фитобактеримен өңдеп егу керек.
Ғалымдардың айтуынша, мал азығының сапасы – мал шаруашылығын дамытудың басты шарты. Әрі ғылыми тұрғыдан қарағанда, көпжылдық өсімдіктер мал азығы қорын өнімділік және сапалық тұрғыдан нығайтумен қатар, топырақтың құнарлығын арттыруға және қоршаған ортаның экологиялық ахуалын сауықтыруға зор ықпалын тигізеді.