#qyzylordatv
Бас прокуратура Құрылтай депутаттарын сайлау алдында маңызды үндеу жасады. Ведомство партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынатынын еске салды. Жөнсіз жүргізілген үгіт үшін айыппұл қарастырылған.
Қазіргі кезде партиялар өз кандидаттарын ұсынып жатыр. Олардың тізімдерін тіркеу 23 шілдеге дейін жалғасады. Сол күні сағат 18:01-ден бастап қана сайлауалды үгiт басталады. Осы орайда бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды сайлау науқаны кезінде кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жарияламауға шақырды.