#qyzylordatv
Бүгін аймақ басшысы облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуда Мұрат Ергешбаев өңірде атқарылған шаруалар барысын баяндап, жыл еншісіндегі жобаларға тоқталды. Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамту, туристік әлеуетті арттыру, кәсіпкерлік саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Облыста қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Атқарылатын шаруа да шаш етектен. Бюджеттің бүйірі тоқ болса, тіршіліктің де өңі кіре беретіні анық.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
2025 жылы біздің бюджеттің ұлғаюы 809 млрд теңгеге жеткенін білесіздер. Одан бөлек,, даму бюджеті 4,3 есеге өсті. Бұл қаражаттардың барлығы біріншіден инфрақұрылымдық бағыттарға, әлеуметтік нысандарға бағытталды. Бюджеттің өсуі, қаражаттың келуі оңай нәрсе емес. Мемлекет басшысының тапсырмасы бар шетелдік инвесторларды тарту. Оның ішінде инвестицияны тартуымыз қажет. Біздің жоспардың ішінде келісімдер бар. 1 трлн 900 млрд теңгеге келісімдер бар. Оның ішінде 48 инвестициялық жоба жоспар бойынша 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады деген. Биылдың өзінде 1 трлнға 14 ірі жоба іске қосылуда. Негізгі мәселе ауыз су бойынша облыста 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Кезек ұсыныс-пікірге келіп, қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді.
ҚЫЛЫШБАЙ БИСЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Эдельвейс саяжайының тұрғындары кездескен сайын мәселені көтеріп жүр. Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы Бұқарбай, Қаракеткен, Далдабай елді мекендерін газдандыру жобаларының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2026 жылы респуб бюджеттік өтінім ұсынылған. Осы туралы айтып берсеңіз?
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді елді мекендерді көгілдір отынға қосу жайына мән беру керек деп. Жақында елді мекендерді қамтитын 9 жобаны оның ішінде Бұқарбай, Қаракеткен, Далдабай тағы да басқа ауылдарды ұсынған болатынбыз. Эдельвейс бойынша сметалық құжаттарын дайындаңыздар. Бюджетке ұсыныс берейік.
Өңірдегі қолданыста бар су жүйелерінің гидротехникалық жағдайы талапқа сай келмейді. Бұл мәселе де жергілікті биліктің назарында.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Су шығынының елеулі бөлігі топыраққа сіңу, булану, қамыс-қоға басып, босқа жоғалуда. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және су ресурстарының тиімсіз пайдалануына әсерін тигізуде.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Тапсырма берілген болатын. Қазіргі таңда 142 млрд теңгеге 69 каналды бетондау жұмысының жоба сметалық құжаттарын дайындап, оны кезең кезеңімен ұсынып жатырмыз.
Мұнан соң Қоғамдық кеңес мүшесі Жақсыгүл Тоғанова облыс орталығындағы тарихи ғимараттардың жәй-күйін сөз етті:
ЖАҚСЫГҮЛ ТОҒАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Мәселен, Қазбек би көшесімен келіп, темір жол вокзалынан Қонаев көшесіне бұрылған тұста кезінде екі қабатты сары ғимарат болған сол кезеңде қабырғасында бұл ғимаратта алғашқы қазақ газеттерінің типографиясы болған деген тарихи жазу ілігіп тұратын. Бұл қазір жоқ. Бұл жай ғана ғимарат емес еді.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Қала әкімі бар, қоғамдық даму басқармасы бар зерттеу жұмыстарын жүргізіңдер. Тақтайшалары бар, басқасы бар. Шынында да Алаштың қайраткерлері осы жерде өмір сүрген. Қазақ атауы осы жерде бастау алған. Соныдқтан біз бағалауымыз керек.
Жиында аймақтың туристік әлеуетін арттыру бойынша да ұсыныс болды.
АЙНҰР ТҰҢҒЫШБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Қызылорда телеарнасы өзінің ең бірінші Туған өлке бағдарламасында туристік жерлерде кеңінен насихаттады. Ал қазір эфирден Сыр тревл хабары шығып жатыр. Ол осы облысқа табаны тиген адам қай жерге бара алады, ққай жерден қандай қызық көре алады, қай жерде төрткүл дүниеде жоқ нәрсе бар соны көрсетіп жатырмыз. Облыста туристік бағытта әрбір ақпарат шашыраңқы жатыр. Солардың басын қосып орталықтандырылған туристік орталыққа шоғырландырсақ.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Өте орынды. Шынында да керемет жерлер бар. Қолдаймын. Соған жұмыс атқаруымыз керек.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдаған облыс әкімі қажетті шараларды қабылдайтынын айтты. Сондай-ақ, аймақ әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларға қолдау білдіріп, елдік істе жұмыла жұмыс істеуге шақырды.