#qyzylordatv 

Шілденің шіліңгір ыстығы еліміздің барлық өңірінде байқалып тұр. Соның ішінде Сыр өңірінде аптап ыстықтың басылар түрі жоқ. Керісінше, күннен күнге күшейетін түрі бар. Синоптиктердің айтуынша, сынап бағанасы 45 градусқа көтерілгенде, топырақтың беткі қабаты +75 градусқа дейін қыза түседі.   

 

 АНЕЛЬ МӘДИ – ТІЛШІ: Шіліңгір шілде келгелі аптап ыстықтың беті қайтар емес. Мәселен, қазір Шымкентте тауа температурасы +37 градусты, Алматыда +31 градус, ал еліміздің бас қаласы Астанада +32 градусты көрсетіп тұр. Ал өңірдегі сынап бағанасы 11:00 – дің өзінде +37,5 градусты көрсетуде. Мамандардың болжамы бойынша сағат 17:00 - ге таман бұл көрсеткіш +43-ке көтерілмек. Сондықтан аптап ыстықта мамандардың кеңесіне құлақ түріп, үйден шықпағаныңыз абзал.


 ӘЙГЕРІМ ЖӨКЕЛОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

Жалпы Қызылорда территориясына Өзбекстаннна келген құрғақ ауа массасының әсерінен облыс бойынша жауын-шашынсыз және өтие ыстық ауа температурасы байқалуда. Бұл ауа-райы 18-19 шілдеге дейін байқалады. Яғни әлі де сақталады. Облыстың басым бөлігінде түнгі температура +28,+33 градусқа дейін көтерілсе, күнедізгі температура облыстың басым бөлігінде +40,+45 градусқа дейін көтерілуде. Мұндай жоғарғы температура бізде 2023 жылы тіркелген болатын. Алдағы уақытта 16 шілдеге келіп тұр. Қала бойынша да, облыс бойынша да +47 градус деп болжап отырмыз.


 Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері де өңірде ыстық ауа райы сақталады. Мамандар мұндай кезде күн сәулесінің астында ұзақ жүрмеуге, көп мөлшерде су ішуге және күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға кеңес береді. 


 ӘЙГЕРІМ ЖӨКЕЛОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 

 Негізі тәулігіне 8 рет аунаың құрамына, атмосфералық процестерге бақылау жасалады. 0017 Бізде ең максималды температура 16:00 -17:00 аралығынада байқалған болатын. Бізде ауа мен топырақ температурасын өлшейтін құрал бар. 0002 Негізі біз ауа температурапсын +45 градус деп алсақ, топырақ күйінің беткі температурасы +75 градусты көрсетуде.


 Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау да маңызды. Себебі құрғақ әрі ыстық ауа райы дала өрттерінің туындау қаупін арттырады.