#qyzylordatv
Облыс орталығында "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің төрағасы Лейла Куленованың қатысуымен жиын болды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері әйелдер бизнесін дамыту мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.
Лейла Куленова ұлттық комиссиямен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленгенін атап өтті. Карта өңірдегі белсенді әйелдерді жаңа бастамаларды іске асыруға тартып, кәсіпкерлерді қолдауды тетігін кеңейтуді көздейді.
Кездесуде жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мәселелері, алдағы лицензиялау, заңнамадағы өзгерістер және жан басына шаққандағы қаржыландыруды төмендету мәселелеріне назар аударылды. Жиын қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсынысы мен бастамалары жинақталып, республикалық деңгейде қаралатын болады.
АҚБОТА АРУОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі тақырып шағын және орта бизнес үшін өте өзекті, өйткені заңнамада көптеген өзгеріс бар. Біз үшін оны білу өте маңызды. Кездесуге қаламыздың кәсіпкер әйелдері мен белсенді жастарының жиналғанына өте қуаныштымын. Біз заңнамадағы жаңа өзгерістер, соның ішінде балабақшалар мен түзету орталықтарына қатысты өзгерістер туралы білдік.
ЛЕЙЛА КУЛЕНОВА – "АТАМЕКЕН" ҰКП ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Ұлттық комиссиямен бірлесіп біз әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жол картасын әзірледік. Біз белсенді әйелдерді, түрлі қауымдастықтардың өкілдерін осы жол картасын іске асыруға қатысуға, және барлық өңірлердегі кәсіпкерлер қолдау шаралары туралы білу үшін осы жұмысқа қатысуға шақырамыз.