#qyzylordatv
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Жиында сайлау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, сайлау науқанын ұйымдастырудың негізгі талаптары таныстырылды.
Семинарға еліміздегі барлық жеті саяси партияның облыстық филиалдарының төрағалары мен өкілдері қатысты. Кездесу барысында Құрылтай депутаттарын сайлаудың ерекшеліктері, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу тәртібі, сайлауалды үгіт-насихат жүргізу талаптары, сондай-ақ сенім білдірген адамдар мен байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар кандидаттарды қаржыландыру, сайлау қорларын қалыптастыру және қаржылық есептілікке қатысты заңнамалық талаптар таныстырылып, қатысушылардың сауалдарына жауап берілді.
ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа конституция ата заңымыз өзінің күшіне енді. Сол ата заңымызға күшіне енуіне байланысты бірнеше конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы заңдылықтардың барлығын түсіндіруге себебі алдағы 23 тамыз күні құрылтай сайлауы өткізіледі. Сондықтан осы уақыттардағы және 23 тамызда ұйымдастырылатын құрылтай сайлауы туралы ҚР сайлау туралы заңдықтарындағы тармақшаларда біз осы партия өкілдеріне түсіндіріп, пікір алмасып семинар кеңес ұйымдастырып отырмыз.//