#qyzylordatv
Прокуратура саласы ардагерлерінің құрметіне Жалағаш ауданында тағылымды іс-шара өтті. Сондай-ақ, шахматтан турнир ұйымдастырылды.
13 шілде – Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің күні. Осыған орай аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі және заңдылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Осы күні аудандық музейде әр жылдары прокуратура саласында қызмет атқарған ардагерлердің фото көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасын басқарған, бүгінде өмірден өткен ардагерлерді еске алуға арналған шахматтан турнир болды.
ТАЛҒАТ БЕКТҰРСЫНОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫ
Тарихсыз болашақ жоқ дейді, сондықтан бұл кісілердің осы ауданға сіңген жұмысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауда атқарған жұмыстары елеусіз қалмау керек. Сондықтан жылда осы күні ардагерлерге арналған іс-шара өтетін болады. Бұл кісілердің есімдері халықтың арасында ұмыт қалмау қажет деп ойлаймын.
РАХАТ МЕДЕШОВ, САЛА АРДАГЕРІ
Бұл шараның тәрбиелік мәні маңызы атап өту керек. Жергілікті прокарутураның осы істе жүзеге асырылуына қозғалыс көп жүзеге асырғанына ардагерлер атынан біз рақметімізді айтамыз. Еліміздің көк байрағын дүние жүзінде желбірететін чемпиондар шықсын.