#qyzylordatv
Жаз маусымын той маусымы десек болады. Әсіресе шілде, тамыз айында той тойға ұласа түсетіні рас. Дегенмен, туыстық қарым-қатынасты арттырып, дәстүр дәріптелетін думанды жиын бүгінде әлеуметтік мәртебені көрсетудің амалына айналып бара жатқан жоқ па? Несиеге қаржы алып, жүздеген қонақ күтіп той жасау қаншалықты дұрыс? Көпшіліктің пікіріне құлақ түрелік.