#qyzylordatv 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бастамасымен «Бәсекелестікті реттеу: нарыққа кірудің жеңілдетілген жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында кәсіпкерлердің нарыққа кіруіне кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайту, бәсекелестік ортаны жетілдіру және заңнаманы дамыту мәселелері талқыланды.


Іс-шараға мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік қауымдастықтары және бизнес өкілдері қатысты. Кездесуде Бәсекелестікті дамыту жөніндегі аналитикалық зерттеу орталығының басшысы Жанар Адикова баяндама жасады. Жиында кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, нарыққа жаңа қатысушылардың кіру мүмкіндіктерін кеңейту және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. 


  ЖАНАР АДИКОВА, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ РММ БАСШЫСЫ 

Жалпы, агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі – соңғы бірнеше жыл бойы бәсекелестікті дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізу. Яғни, біздің мақсатымыз тек заң бұзушылық орын алғаннан кейін ғана шара қолданып, айыппұл салып немесе тергеу жүргізу емес. Біз, ең алдымен, нарық субъектілерінің адал бәсекелестік қағидаларын сақтай отырып жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Сондай-ақ құқықтық актілерді жетілдіруге, кәсіпкерлер кездесетін реттелмеген мәселелерді шешуге ықпал етеміз. Барлық үдерістердің ашық, түсінікті және барынша айқын болуына мән береміз.


 НҰРЛЫБЕК АМАНГЕЛДИЕВ , ОБЛЫСТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР КЕҢЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кездесу жиынында кәсіпкерлік дамыту бағытындағы тосқауылдарды жою,кедергілерді азайту,әкімшілік тосқауылдарды азайту бағытында ашық пікірталас яғни ашық әңгіме жүргізу жоспарланып отыр. Кездесу барысында дөңгелек үстел қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту бағытында тосқауылдарды азайту кедергілерді жою бағытында ұсыныстар әзірленіп қорытындысымен жолданатын болады.