#qyzylordatv
«Әділет» партиясы мен «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырды. Сонымен, бүгінге дейін Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партиялар үміткерлердің тізімін бекітті.
«Әділет» партиясынан 186 кандидат, «Ақ жол» партиясынан 63, «Ауыл» партиясынан 69 кандидат іріктелді. Сондай-ақ, «Байтақ» партиясынан 51, Қазақстан халық партиясынан 72, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан 33 және «Республика» партиясынан 76 адамның тізімі жарияланды.