#qyzylordatv 

Ми қайнатар аптап ыстықта әсіресе егде жастағы, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және диспансерлік есепте тұрған азаматтарға сақтық шараларын сақтау қажет. Құтқарушылар ыстық өту белгілері байқалған жағдайда алғашқы көмекті дұрыс көрсету маңызды екенін ескертеді.


 ЖАНАТ САТЫБАЛДИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫ-МЕДБИКЕСІ 

Қазіргі таңда бізде күн құрт ыстық болып тұр сондықтан мысалы үшін далада үлкен кісі жағдайы кете бастаса ең маңызды, бірінші алгоритм бойынша ол кісіні салқын жерге алып келу керек. Себебі, күн сәулесінен одан сайын жағдайы нашарлауы мүмкін.Салқын жерге алып келіп мұздай су, тар боп тұрған киім болса оның мойнын ашу керек міндетті түрде, маңдайына салқын беторамалды сулап қою керек. Ең бірінші ыстық су беруге болмайды кофе беруге болмайды, алкоголь беруге болмайды ең маңызды салқын беріп тұру керек. Жағдайы нашарлап жағдай болғанда жедел-жәрдем шақырамыз.


 Мамандар күн сәулесі белсенді уақыт аралығында сыртта ұзақ жүрмеуге, қажетті жағдайда көлеңкелі жерде демалуға және жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді.


ЖАНАТ САТЫБАЛДИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫ-МЕДБИКЕСІ 

Жазғы кезде көбісі мынау демалады ғой, сол демалған кезде мысалы үшін үлкен кісілерге баруға болмайды әсіресе диспансерный учетте тұрған кісілер, науқас кісілер, жүрегі ауру бар, давлениесі бар ең бастысы олар үйде болу керек. Күн сәулесі қатты қызып тұр, қазіргі таңда күндіз үйде болу керек тек қана 6 дан кейін шығуға болады.