#qyzylordatv 

Қызылордада құтқарушылар өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден 6 адамды алып шықты. Оның ішінде екеуі бала.


 112 пультіне Қызылорда қаласындағы Бейбарыс көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы отқа оранып жатқанын көреді. Құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтаумен қатар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына кірісіп, баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге алып шықты. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.