#qyzylordatv
Облыс орталығына іргелес Белкөл кентінің де даму көрсеткіші тұрақты. Биыл бірнеше көше жөнделіп, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жарты жылдықтағы жағымды жаңалықтар турасында кент әкімі Жасұлан Сәду брифинг барысында баяндады.
Бүгінде Белкөл кентінің бюджеті 475 млн теңгеге жетті. Нәтижесінде әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, кенттегі 21 көшенің 90 пайызына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Енді қалған бірнеше көше биыл асфальтталып, айналасына жарық бағаналары орнатылады. Қалаға қанаттас кентте әсіресе кәсіпкерлік саласында қозғау бар. Бүгінде онда 500-ге жуық кәсіпкерлік нысан тіркелген. Биылдың өзінде 70-ке жуық азамат тыңнан түрен салып, осы салаға ойысты. Бұл ретте мемлекеттік қолдау тетігіне сүйенген тұрғындар баршылық. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 6 азамат кәсіп бастаған.
ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
Жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтардың қарасы көбейіп келеді. Ол үшін қазір жағдай жасалған толықтай. Биыл да «Ауыл аманаты» жобасы жалғасын тауып келеді. Қазіргі таңда 6 айдың қорытындысымен 6 азамат кәсіп ашуға байланысты несиелерін алды, 55 млн теңге қаржы. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табады...