Негізгі Жаңалықтар 589 дәрі-дәрмек бағасы арзандады

589 дәрі-дәрмек бағасы арзандады

#qyzylordatv 

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандауда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады. Аталмыш құрылым мамандары жүргізген мониторинг нәтижесінде 589 препараттың саудалық құны арзандағаны анықталып отыр.


 Жалпы бүгінде еліміздің барлық аймағында мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Яғни, дәріханалардағы 2 мың 555 дәрілік заттың бағасына талдау жасалған. Соның ішінде 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Ал, 147 дәрілік заттың құны 20 пайыздан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10-20 пайыз аралығында, сондай-ақ, 244 дәрінің құны 5 пен 10 пайыз шамасында төмендеген. Айта кетейік, бұл өзгеріс біздің аймақта да байқалады. Негізінен, инфекциялық кеселдер мен жүрек-қан тамырлары аурулары және асқазан-ішек жолын емдеуге арналған препараттардың бағасы едәуір арзандаған. Қазір сала мамандары тарапынан бағаның шекті деңгейінің сақталуы бақылануда. Жыл басынан бері осындай 6 заңсыз әрекет анықталып, бір жарым миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.    


ГАУХАР МУЗАРАПОВА – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

 Цифрлық жүйе дәрілік заттардың өндірушіден дәріханаға дейінгі қозғалысын қадағалау арқылы бағаға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар «Нақты өнім» мобильді қосымшасының көмегімен қаптамадағы кодты сакерлеп, өнім туралы ақпаратты өз бетінше тексерсе болады. Яғни, әрбір пайдаланушы өндірушіден бастап тіркеу деректерін және бөлшек саудадағы ең жоғарғы шекті бағасын білулеріне мүмкіндіктері бар


Бөлісу