Жаңа оқу ғимараты ашылды
#qyzylordatv
Білім күніне орай Қызылорда ашық университетінде салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ оқу ордасында заманауи жаңа оқу ғимараты ашылды.
Университетте академиялық білім сапасымен қатар, студенттердің ғылыммен айналысуына басымдық берілген. Ал жаңа оқу ғимараты заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған кабинеттер қарастырылған.
ҚЫЛЫШБАЙ БИСЕНОВ – ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Университет қабырғасында 10-нан астам ғылым докторлары, профессорлары, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен профессорлар, 7 PHD докторы, 50-ден астам магистрлер дәріс береді. Осының барлығы біздің жастарға сапалы білім беруге, саналы тәрбие беруге, оларға ізденіске, ғылымға жол бастауға қызмет жасайды
Университеттегі 25 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитациядан өткен. Алыс-жақын шетелдегі университеттермен меморандум жасалып, «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша студенттердің білім алуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, еліміз бойынша Қызылорда Ашық университеті Азиядағы ашық университеттердің халықаралық қауымдастығына мүше болып сайланған. Соның нәтижесінде оқу орны шәкірттерін қашықтықтан оқытып, білімнің әрбір азаматқа қолжетімді болуына ықпал етуде.
МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл Қызылорда Ашық университеті облысымыздағы жоғары білімді беріп жатқан жеке университет ішіндегі үлкен қара шаңырақ, өзінің орны бар, өзінің қолтаңбасы бар, қанша студенттерді үлкен өмір жолына аттандырып, түрлі мамандықтар иесі атандырып жатыр
Бұл күні 20 жылдан астам тарихы бар Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде де салтанатты шара өтті. Техникалық бағыт бойынша мамандарды дайындайтын оқу орнында 20 мамандық, 31 біліктілік беріледі. Оқу орнындағы жалпы контингент 800 білім алушыны құрайды.