Өзен жағалауы қоқыстан тазартылды
#qyzylordatv #тазақазақстан
Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы қызылордалықтар Сырдария өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.
Акцияға мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, ерікті азаматтар және қала тұрғындары атсалысты. Олар дария жағалауын тұрмыстық қалдықтар, пластик құтылар және өзге де қоқыстардан тазартып, табиғи аумақтың көркеюіне қолғабыс етті. Айта кетейік, экоакция өңірдің барлық аудандарында ұйымдастырылып, жалпыұлттық шараға 18 мыңнан астам азамат үлес қосты. Аталмыш бағдарлама шеңберінде су айдындары маңынан 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.