Негізгі Жаңалықтар Түнгі тыныштықты бұзған

Түнгі тыныштықты бұзған

#qyzylordatv 

Қала тұрғындары «102» арнасына «белгісіз азаматтар автокөлікке қызды мәжбүрлеп мінгізіп жатыр» деп хабарлама түсірген. 


 Бұл жағдай сенбі күні түнгі сағат 02:00 шамасында қала орталығында болған. Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орына жетіп, мән-жайды анықтаған. Белгілі болғандай бойжеткен қыз қоғамдық орында мас күйінде жүрген. Ал, оның таныстары қыздың бұл әрекетіне қарамастан, көлікке отырғызып, қайтарғысы келген. Десе де, бойжеткен таныстарына бой бермей, көшеде шу шығарған. Аталған дерек бойынша, полиция түн тыныштығын бұзған қала тұрғынына әкімшілік шара көріп, хаттама рәсімдеген.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар