Жылу маусымы: Ерекше сақтықпен қарау қажет
#qyzylordatv
Өткен жылу маусымында Қызылорда қаласында 122 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың жартысы тұрғын үй секторында орын алыпты. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің мамандары алдын алу шараларын күшейтті. Әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасылар мен жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына ерекше назар аударылуда.
Ақауы бар пештер, тазартылмаған мұржалар және жылыту жабдықтарын дұрыс пайдаланбау – қысқы маусымдағы негізгі қауіпті факторларға жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салуда. Сондай-ақ жылыту жабдықтарын тексеріп, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың үйлеріне иіс газын анықтайтын датчиктер орнатылуда