Негізгі Жаңалықтар Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды

#qyzylordatv 

Сыр спортынан ақжолтай ақпар. Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан өткен халықаралық Grand Slam турнирінде Абылайхан Жұбаназар алтыннан алқа тақты. 


Қызылордалық спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әлемнің ең үздік спортшылары жиналған дүбірлі додада Абылайхан алты кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Қазақстандық балуан ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар