Транзиттік әлеуетті нығайту жаңа мүмкіндікке жол ашады
#qyzylordatv
Қазақстан Еуразиядағы жетекші логистикалық хабқа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында теміржол инфрақұрылымы мен халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, Арал-Каспий магистралінің құрылысы жүк тасымалы бағыттарын шамамен 1000 шақырымға азайтып, жүкті жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартады. Темір жол саласының ардагері Лев Ким бұл жобалардың еліміз үшін және өңір үшін маңыздылығына тоқталды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қызылорда облысы үшін транзиттік әлеуетті нығайтып, темір жол желілерін жаңғырту тек экономикалық емес, болашақтың да мәселесі болмақ. Алпыс жылдан астам өмірін темір жол саласына арнаған Лев Ким мемлекет басшысы алға қойған міндеттер еліміздің жаңа перспективаларына жол ашатынына сенімді.
ЛЕВ КИМ – «МАРАЛ-НҰР» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Президенттің соңғы Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық хабын дамытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені Қазақстан Қиыр және Таяу Шығыстағы елдермен тамаша географиялық байланыста. Шынында Қазақстан логистикалық хаб ретінде барлық салаларды дамыту үшін өзге елдерге қарағанда айтарлықтай артықшылыққа ие. Контейнерлеу, тасымалдау, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайту бағытында нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ орталық дәлізді дамыту және республикадағы көлік-логистикалық орталықтарды дамытуға қатысты көптеген негізгі мәселелер қамтылды. Сондықтан, біз теміржол көлігі қызметкерлері ретінде мемлекет басшысының даму талаптарын мұқият зерделеп, дамудың маңызды бағыттарының жүзеге асуы үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Біз Президент белгілеген жоспарлардың орындалуын қолдаймыз және бар күш-жігерімізді саламыз