Оқушылар Сартай батырдың мұрасымен танысты
#qyzylordatv
Биыл даңқты қолбасшы Сартай батырдың 315 жылдық мерейтойы. Осыған орай Арал ауданында ел қорғаны атанған батыр бабаның есімі ұлықталды. Мектеп оқушылары мен ұстаздар арнайы экскурсияға шығып, тарихи орындарды аралады.