Негізгі Жаңалықтар «Innofest Qyzylorda 2026» инновациялық жобалар фестивалі өтеді

«Innofest Qyzylorda 2026» инновациялық жобалар фестивалі өтеді

#qyzylordatv 

4-5 желтоқсан күндері облыс орталығында аймақ басшысының қолдауымен «InnoFest Qyzylorda 2026» инновациялық жобалар фестивалі өтеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі іс шараның биылғы ерекшелігі – жасанды интеллекті технологияларына басымдық беріледі. 


 Биыл фестивальдің ауқымы кеңейіп, республиалық деңгейде ұйымдастырылмақ. Қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша бақ сынайды. Біріншісі – AI Software (эй-ай софтвэр). Бұл бағытта жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалар, мобильді қосымшалар және цифрлық шешімдер әзірленеді. Екінші – AI Hardware (эй-ай хардвэр). Мұнда робототехника, ақылды құрылғылар, сенсорлар, IoT (ай-оу-ти) және басқа да аппараттық-технологиялық жобалар ұсынылады. Ал, үшіншісі – AI (эй-ай медиа). 

Бұл бағытта жасанды интеллект көмегімен бейнеөнімдер, анимациялар және цифрлық контент әзірлеуге мүмкіндік береді. Қатысушылар 24 сағат ішінде өз идеяларын дамытып, нақты прототип жасап, оны сарапшылар алдында қорғайды. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 6 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға жоғары оқу орындарының білім гранттары мен серіктестердің арнайы сыйлықтары табысталады.


 СӘБИТ ИБАДУЛЛА – ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Бұл фестиваль бірнеше жылдан бері жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мәселен, ең алғашқы фестивальге 500-ге жуық жас қатысса, жыл сайын қатысушылар саны артып, осы күнге дейін 5 мыңға жуық жастар қатысқан. Басты мақсатымыз – жастардың бойындағы шығармашылық және технологиялық қабілеттерді дамыту, олардың өз идеяларына сенуіне мүмкіндік беру және болашақ ІТ мамандарының қалыптасуына жағдай жасау

Бөлісу