Ширек ғасырлық белес
#qyzylordatv
Өңірдегі жетекші оқу ошағының бірі халықаралық «Orda» жоғары колледжінің құрылғанына биыл – 25 жыл. Ширек ғасырда аталмыш білім ұясынан 14 мыңға жуық түлек түлеп ұшты. Колледждің мерейтойына орай салтанатты кеш ұйымдастырылып, ұлағатты ұстаздар мен үздік түлектерге құрмет көрсетілді.