Солтүстік Аралды сақтауға бағытталған жобалар іске қосылады
#qyzylordatv
Елімізде Солтүстік Арал теңізін сақтау, су көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Осы мақсатта Түркістан және Қызылорда облыстарында «Солтүстік Арал теңізі және ирригациялық жүйелерді жаңғырту» жобасы жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су ресурстарының көлемін ұлғайту және тұрақтандыру арқылы Арал маңы өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту. Жоба аясында Көкарал бөгетін реконструкциялау, 2,2 мың км каналды қалпына келтіру және 1,4 мың км суару жүйесін автоматтандыру көзделген.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімовтің айтуынша, бірінші кезең аясында 131 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Жоба Үкіметтің Үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданды және 2027-2030 жылдары іске асырылады.