ҚТЖ жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр
#qyzylordatv
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ведомстовоның мәліметінше, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етілген.
Тасымал процесі үздіксіз жүргізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мен кестенің сақталуы тұрақты бақылауда. Ұлттық компания жұмыстың қалыпты тәртіппен жалғасып жатқанын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан темір жолы»Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын растаған болатын. Олар сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тергеліп жатыр.