Негізгі Жаңалықтар Бір күнде 5875 түп көшет егілді

Бір күнде 5875 түп көшет егілді

#qyzylordatv 

Облыс көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясы өтті. Қоршаған ортаны таза ұстап, көркейту-көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 9 мыңнан астам тұрғын қатысты. 


 Қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді көгалдандыру - әрбір азаматтың ортақ міндеті. «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» экологиялық акциясына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғам белсенділері және эковолонтерлер қатысты.

Шара аясында облыс бойынша 5 875 түп көшет отырғызылып, демалыс орындары, ескерткіштер маңы, скверлер мен аллеялар аумағы күл-қоқыстан тазартылды. Сала мамандарының мәліметінше, күз мезгілінде егілген көшеттер тамырын тереңге жіберіп, көктемде ерте жетіледі.

Іс-шара барысында аймақ басшысы экоеріктілермен кездесіп, тұрғындарды қала тазалығын сақтауға және көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.


 ҚАЛҚАЗБЕК ӘЖІБЕКОВ, ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 

Жасыл Қазақстанның аясында осындай тірлік жүріп жатыр. Осыған атсалысып жатырмыз. Президент осыдан 2-3 жыл бұрын үндеу жасаған кезде Қазақстан бойынша 2 млрдтай ағаш отырғызамыз деген. Сол нәрсе қазір орындалып келе жатыр. Қаланың көркеюіне, жасыл желекке орануына осындай үлкен тірлік болып жатыр. Бүкіл халық болып, ел болып осыған атсалысайық!

 МҰХАМЕДЖАН АМАНОВ, ЭКОВОЛОНТЕР 

Біз жастар қызылордамызды көркейтуге барынша атсалысамыз. Таза Қазақстан акциясын барша қызылордалық жастар қолдайды...

Бөлісу