Өрт қауіпсіздігін сақтап жүрсіз бе?
#qyzylordatv
Аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өрт және өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы мақсатта облыстық төтенше жағдайлар мен полиция департаменттері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы және жергілікті әкімдік қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылды. Топ мүшелері тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мобильді топтардың бірі қоғамдық тамақтану орындарына бағыт алды. Мамандар нысан қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде нақты нұсқаулықтар берді.
Қаладағы нысандардың 95 пайыздан астамы табиғи газға қосылған. Мамандар қауіпсіздік талаптарымен қатар, өрт туындаған жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібін түсіндірді. Іс-шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
ӘЛИАСҚАР МҰСА – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатырмыз профилактикалық шара барысында. Оның ішінде ток сымдарының қысқаша тұйықталуы, оан бөлек тұрмыстық газ балонының сақталу ережелері бар. Соларды түсіндіріп жатырмыз.Қазір облыста орын алып жатқан өрт оқиғалаының 80 пайызы ток сымдарының қысқаша тұйықталу салдарынан орын алып жатыр.
БАЗАРБЕК ЕРІМБЕТОВ – «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ АПАТТЫ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
Көбіне тұтынушыларымыздың табиғи газды қолдану кезінде қарапайым ережелерді сақтамауынан болып жатыр. Немқұрайлылық, адами фактор деп айтамыз. Уақытылы газ шүмегін жаппау, газ приборларындағы рұқсаты бар мердігер мекемелермен тех обслуживание жасау жағын ұмытып кетіп жатады. Сол жағдай көп адам жиналатын тамақтану орталықтарында да болады.
Өрт қауіпсіздігін сақтау – баршаға ортақ міндет. Мұндай алдын алу шаралары өңірдің барлық аудандарында жалғасуда.